Дани Алвес сот шешімінен кейін қиын жағдайға тап болды
Банктердің бірі бразилиялық өзі үшін кепіл төлеп, Испания түрмесінен шығуы үшін «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Дани Алвеске 1 миллион еуро несие беруге келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mundo Deportivo хабарлауынша, бұрынғы футболшының достары оған қарызға ақша беруден бас тартқан.
20 наурызда футболшы апелляциялық шағым қаралған кезде қамаудан босату үшін 1 миллион еуро көлемінде кепіл төлей алатыны белгілі болды.
22 ақпанда Барселона соты 40 жастағы Алвесті 2022 жылы Каталония астанасындағы түнгі клубта қыз зорлады деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, бразилиялық жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 150 мың еуро төлеуге міндеттелді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или