Грузия құрамасы ЕУРО қосымша іріктеуінің финалына шықты
Грузия құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының плэй-офф кезеңінде Люксембург командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
41-минутта Буду Зивзивадзе есеп ашты. Бірақ екінші таймның басында люксембургтік Жерсон Родригес таразы басын теңестірген еді. Алайда артынша төреші ВАР жүйесін қарап, бұл голды есепке алмады. Себебі оның алдында Люксембург қорғаушысы Максим Пано өз айып алаңының қасында ойын тәртібін бұзған. Салдарынан есеп қайта 1:0 болып, Пано алаңнан қуылды.
64-минутта Зивзивадзе дубль жасады. Осылайша, Грузия құрамасы 2:0 есебімен жеңді.
Енді грузиндер 26 наурызда плэй-офф кезеңінің финалында ойнайды, қарсыласы Грекия не Қазақстан матчының жеңімпазы болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или