Олимпиада 2024: футбол турнирінің жеребесі тартылды

Олимпиада 2024: футбол турнирінің жеребесі тартылды

Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ерлер арасындағы футбол турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олимпиадалық турнирге төрт топқа бөлінген 16 команда қатысады. Алайда жарысқа қатысатын төрт команда әлі анықталған жоқ.

Олимпиадалық турнирге командалар 23 жасқа толмаған ойыншылармен қатысуы керек. Өтінімге осы жастан асқан үш ойыншы қосылуы мүмкін.

Футболдан Олимпиадалық турнир 24 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

А тобы
Франция
АҚШ
Құрлықаралық плей-офф жеңімпазы (Азия-Африка)
Жаңа Зеландия

Б тобы
Аргентина
Марокко
Азия-3
Украина

С тобы
Азия-2
Испания
Египет
Доминикан республикасы

Д тобы
Азия-1
Парагвай
Мали
Израиль

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или