русский язык
Әлем футболы

Миллиондаған сома: сот Алвесті босатты

Миллиондаған сома: сот Алвесті босатты
news-banner7
mobile-news-top

Барселона соты қыз зорлады деп айыпталған «Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Дани Алвесті бір миллион еуро кепілге қамаудан уақытша босатуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап.

Алвес сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым қаралғанша босатылды. Бразилиялық футболшыдан құжаттары тәркіленді, ол апта сайын Барселона сотына барып белгіленіп тұруы қажет. Алвес Испаниядан қашып кетпеймін деп уәде берді.

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвес түнгі клубтардың бірінде қыз зорлады деп айыпталған еді. Ол сот шешімі бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Алвес жәбірленушіге 150 000 еуро көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, оған бес жыл сынақ мерзімі беріліп, тоғыз жыл жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды.

Еске салайық, бұған дейін Дани Алвестің досы, бразилиялық футболшы Неймар және оның отбасы жәбірленушіге төленуге тиіс 150 000 еуроны өтеп берген. Бұл Данидің жазасының жеңілдеуіне көмектескен көрінеді. Сондай-ақ өткен жылдың маусымынан бастап Алвестің соттағы мүддесін Неймардың әкесінің компаниясында ұзақ уақыттан бері заңды өкіл болып жүрген Густаво Ксисто қорғағаны атап өтілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;