Бұрынғы атақты қақпашы Грекия-Қазақстан матчы алдында пікір айтты
«Ордабасы», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтарының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев SPORT+ басылымына берген сұхбатында Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекияға қарсы өтетін Қазақстан құрамасына сенім білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Бүкіл ел Грекия-Қазақстан кездесуін күтуде, бұл кездесуде біздің команда жеңіске жетіп, ЕУРО-ға шығады деп сенемін. Әрине, ел намысы үшін тырысып жүрген футболшыларымызды соңына дейін қолдайтын боламыз. Бұл матчта олар өз мүмкіндіктерінің барлығын көрсетеді деп сенемін», - деді Отарбаев.
Грекия мен Қазақстан арасындағы ойын 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или