Спорт журналисі және комментатор Василий Уткин қайтыс болды

Спорт журналисі және комментатор Василий Уткин қайтыс болды

Танымал комментатор, журналист және «Эгриси» футбол командасының қожайыны Василий Уткин 52 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Василий Уткин 1990 жылдардың ортасында НТВ және НТВ-плюс арналарының футбол комментаторы, журналист және «Футбол клубы» телешоуының жүргізушісі ретінде танымал болды. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 тамызына дейін Уткин НТВ-плюс спорт арналарының бас редакторы қызметін атқарды. 2018 жылдың маусымында Уткин өзінің авторлық YouTube арнасындағы «Футбол клубы» бағдарламасын қайта бастады.

Ол 2004 және 2005 жылдары «Үздік спорт комментаторы» номинациясында TEFI сыйлығының иегері атанды.

Prosports.kz редакциясы танымал журналист және комментатор Василий Уткиннің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или