«Бавария» жазда жартылай қорғаушысын сатуға дайын
«Бавария» жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих осы жазда клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Флориан Плеттенберг мәліметінше, егер жақсы ұсыныс түссе, «Бавария» Киммихті жазғы трансфер кезеңінде сатуға дайын. Сонымен қатар, жартылай қорғаушының өзі ауысу мүмкіндігін қарастырып отыр және келіссөзге дайын.
Журналистің айтуынша, Киммихке бес топ-клуб таласуда: «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Арсенал», «Реал Мадрид» және «Барселона». Олардың кейбіреулері Киммихпен байланысқа шығып үлгерді. Плеттенберг сонымен қатар неміс ойыншысының «Манчестер Юнайтед», «Челси» және «ПСЖ» клубтарына ауысу мүмкіндігін қарастырмайтынын атап өтті.
Как сообщает журналист, на Киммиха претендуют пять топ-клубов: «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Арсенал», «Реал Мадрид» и «Барселона». Некоторые из них уже связались с Киммихом. Также Плеттенберг отметил, что немецкий игрок не рассматривает возможность перехода в «Манчестер Юнайтед», «Челси» и «ПСЖ».