Суарестің қос голы «Интер Майамиге» жеңіс әкелді
«Интер Майами» MLS-тің тұрақты маусымындағы матчта «Ди Си Юнайтедті» сырт алаңда жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 3:1 есебімен аяқталды. «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Луис Суарес дубль жасаса, жеңімпаздар сапында тағы бір голды Леонардо Кампана соқты.
Аргентиналық Лионель Месси жарақатына байланысты матчқа қатыспады.
«Интер Майами» бес ойыннан кейін 10 ұпай жинап, Шығыс конференция кестесінде көш бастап тұр, «ДС Юнайтед» 7-ші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или