Неймар ауыр жарақатынан қашан айығатыны белгілі болды
Бразилия құрамасының дәрігері Родриго Ласмар «Әл-Хиләл» шабуылшысы Неймар 2024 жылдың шілде-тамыз айларында жарақатынан айығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз оның оңалту кезеңінің жартысынан өткен жоқпыз. Тоғыз немесе он айлық физиотерапиядан кейін ғана оның алаңға оралуы туралы нақты айтуға болады», - деп келтіреді дәрігердің сөзін Mundo Deportivo.
Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы футболшы былтыр 18 қазанда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Уругвай құрамасына қарсы матчта жарақат алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или