Данил Васильев алғаш рет шаңғымен тұғырудан секіруден FIS Кубогының жеңімпазы атанды
Польшаның Закопане қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырудан секіруден FIS кубогында қазақстандық Данил Васильев топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Васильев үлкен тұғырдан секіруден жеңіске жетті. Бір қызығы, отандық спортшылар бұған дейін мұндай ірі жарыста топ жармаған.
Данил Васильев 249.4 ұпаймен алтын медаль иеленді. Күмісті даниялық Мартин Хамам (247.5), қоланы австриялық Ульрих Волгенант (246.5) еншіледі.
Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных 15-сатыда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или