Юрий Красножан Қазақстан құрамасын ары қарай да баптауға дайын

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан өз қызметін ары қарай да жалғастырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қазақстан құрамасымен ары қарай да жұмыс істегім келеді. Бізде ілгерілеу бар. Біз енді алаңға жеңілмеу үшін емес, жеңу үшін шығамыз. Кеше көптен күткен жеңіске қол жеткіздік. Біз үшін бұл іріктеу кезеңінде кем дегеңде бір рет ұту өте маңызды болды», — деді Красножан УЕФА-ның ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы кеше Латвияны жеңіп ЕУРО-2016 іріктеу кезеңін 5-ші орында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или