Ерлан Қожағапанов Ұлттық құраманың жеңісімен құттықтады

Ерлан Қожағапанов Ұлттық құраманың жеңісімен құттықтады

ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан құрамасының Латвияға қарсы ойында жеңіске жетуімен барша футболсүйер қауымды құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қымбатты достар!

Барлық қазақстандық жанкүйерлерді, футболшыларды, мамандарды, жаттықтырушылар мен нөмірі бірінші спортқа бей-жай қарамайтын жандарды жеңіспен құттықтаймын!

Кеше Ригада 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы ойынында Қазақстан Ұлттық құрамасы Латвия құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Екі команда үшін де қиын ойын болды. Алайда, жеңіске деген құштарлық пен тактикалық сауаттылықтың арқасында біздің құрама жеңіске жетті.

Бұл жеңістен кейін біздің команда А тобында Латвияны төмен сырғытып, 5-ші орынға тұрақтады. Қазақстандық футбол үшін маңызды рейтингтік ұпайға ие

болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың отандық футболды қолдауы біздің жігіттердің жеңісінің кепілі болды.

Ұлттық құраманың негізін жас футболшылардың құрауы келешекте жетісітікке жетелейді деген үміт басым. Бұл жеңіс үлкен жетістіктердің бастауы деп сенеміз» - делінген құттықтау жолдамасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или