Лицензиялық турнир: Алуа Балқыбекова қарсыласын қапы қалдырды
Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде бүгін ШАРШЫ АЛАҢҒА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДЕН ҮШІН БОЛЫП КӨТЕРІЛГЕН Алуа Балқыбекова қарсыласын қапы қалдырып, келесі кезеңге өтті.
Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстады. Есеп: 5:0.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова бірінші мәрте Олимпиада жолдамасына таласып жатыр.
Енді жерлесіміз 10 наурыз күні1/8 финалда Оңтүстік Корея немесе Армения спортшыларының қай жеңгенімен жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или