Марьян Пахарь: «Қазақстан лайықты жеңіске жетті»

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Латвия құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңістен кейін өз тобындағы турнир кестесінде қарсыласын төмен сырғытып, бесінші орынға орналасты.

- Өте қиын ойын болды. Өкінішке қарай, біз қателікке бой алдырдық, - дейді Латвия құрамасының бас бапкері Марьян Пахарь. - Бүгінггі ойында Қазақстан жеңіске лайық болмады деп айта алмаймын. Олардың жоспары жүзеге асты. Қазақстандық футболшылар жинақы ойнау арқылы алаңда бос аймақ қалдырмады. Біздің футболшылар қауіпті шабуылдар ұйымдастыра алмады. Жалғыз голды Қуат соқты. Өте еңбекқор жігіт. Бүгін мені оның матч бойы қорғаныс пен шабуылда қатар жүгіріп шыққаны таңғалдырды.

- Астана мен Ригада өткен Қазақстан мен Латвия құрамаларының ойынында қандай айырмашылық бар?

- Тең ойын деуге болады. Бірінші ойында төмен ойнадық. Бүгін жоғары ойнауға тырысып, алғашқы отыз минут допты бақылауда ұстадық. Екі ойынды салыстыратын болсақ, Латвия мен Қазақстан құрамасында бірнеше ойнышылар ауысты. Негізгі шабуыл Исламхан арқылы ұйымдастырылатын еді. Бүгін қарапайым ойын болды.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или