Юрий Красножан: «Бірінші гол соққан команда жеңіске жетті»

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады. Біздің футболшылар Ригада өткен ойында Латвия құрамасынан 1:0 есебімен басым түсті.

- Өте қиын ойын болды, – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан. - Екі команда да бапкерлер мен жанкүйерлерге ұнайтын ойын көрсетпеуі мүмкін. Алаң сапасы да аса жақсы болмады. Доптың жылдамдығы әдеттегідей емес. Кері серпілген допты тоқтату екі жаққа оңай болған жоқ. Ойын голға дейін созылды. Бірінші гол соққан команда жеңіске жетті.

- Іріктеу турнирін қорытындылай аласыз ба?

- Қорытынды жасауға әлі ерте. Осы ойынды және барлық іріктеу кезеңін саралау қажет. Кейін іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша нақты айтуға болады.

- Команданың бүгінгі ойыны жақсы болды ма?

- Ойын нашар болмағаны анық. Жанкүйерлерге ұнайтын ойын туралы айтатын болсақ, өз алаңымызда Чехиямен өткізген ойынның екінші таймын айтар едім. Бүгін командалық әрекет жоғары болды.

- Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатыны іріктеу кезеңінде қиын топқа түсті...

- Алтыншы кәрзеңкеден кез келген сәтте қиын топқа түсуге тура келеді. Әзірге Дания, Польша және Румыния құрамаларының бүгінгі нәтижелерін білмеймін. Олар Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өту үшін таласты жалғастырып жатыр. Сол себепті командалардың мықты екенін тағы бір дәлелдейді. Армения құрамасының ойынын Озбилиз, Мовсисян, Пиззелли, Мхитарян сынды ойыншылар анықтайды. Бұл іріктеу турнирінде команда көшбасшылары жарақат алды. Олардың алаңға қайта оралуымен соңғы жылдары көрсеткен футболды күтеміз.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или