The End. Қазақстан іріктеу турнирін 5-ші орында аяқтады

Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2016 іріктеу турнирі аясындағы соңғы матчын қонақта Латвия командасына қарсы өткізіп, алғашқы үш ұпайына қол жеткізді.

Қос құрамада да Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне шығу мүмкіндігі қалмағанымен Латвия мен Қазақстанның бұл матчтағы мақсаты біреу болатын – іріктеу турнирін 5-ші орында аяқтау. Ол үшін біздің футболшыларға тек жеңіс қана қажет еді.

Алғашқы таймды қос команданың да футболшылары белсенділі бастады. Командалар бірнеше шабуылдармен алмасып үлгерді. Таймның орта белінде қазақстандықтар допқа иелік етіп, өз комбинацияларын ұйымдастыра бастады. 20-минутта Исламбек Қуат тамаша соққы жасаған, алаң иелерінің қақпашысы Ванин допты кері қайтара алды. Юрий Красножан шәкірттері артқы шепте сыр бермей, сәті келсе, алаң иелерінің қорғаушылары мен қақпашысын мазалаумен болды. Бірақ қос ұжым да бірінші таймда жанкүйерлерін әдемі шабуылдарымен қуанта алмады.

Үзілістен кейін латвиялықтар допты бақылауда ұстап, қонақтар қорғанысын қыспаққа алуға тырысты. Бірақ екінші таймда біраз уақыт бойы Ванин мен Стас Покатилов көп ойынға араласа қойған жоқ. Қос құраманың да шабуылшылары қарсылас қорғанысын бұзып өте алмады. 60-минутта қазақстандықтар жақсы комбинация ұйымдастыра алды. Сергей Хижниченко айып алаңына жақын тұста допты қабылдап алып, қақпа маңындағы Таңат Нөсербаевқа пас асырған, «Астананың» шабуылшысы допты жөндеп қабылдай алмады. Бірақ 65-минутта Қазақстан құрамасы «Сконто» стадионындағы матчтың алғашқы голын тойлады. Нөсербаев басымен Қуатқа пас қалдырды, Исламбек қорғаушылардың арасынан сытылып өтіп, алыс бұрышты дәл көздеді – 1:0. Араға бес минут салып, қонақтар екінші голын салып кете жаздады. Дмитрий Шомко айып алаңынан тыс жерде жойқын соққы жасаған. Жақын бұрышқа ұшқан допты алаң иелерінің қақпашысы әдемі сейвпен алып шықты.

77-минутта Нөсербаевтың өзі гол салуға мүмкін алды. Ойынға тыңнан қосылған Ұлан Қонысбаев айып алаңындағы Таңатқа пас қалдырған, Қазақстанның 17-нөмірі жақын бұрышты көздеді – қақпашы орнында. Соңғы минуттарда латыш футболшыларының шаршап қалғаны көзге көрініп тұрды, ал қазақстандықтар қорғаныста сақ ойнап, қарымта шабуылдарда қауіпті болды. Соңғы ысқырыққа дейін қолда тұрған жеңісті жіберген Қазақстан құрамасы әділетті түрде бесінші орынға көтерілді.

Латвия – Қазақстан 0:1 (0:0)

Голдар: 0:1 - Қуат 65

Латвия: Ванин, Максименко, Дубра, Габов, Горкшс, Лайзанс, Вишняковс (Карасаускас), Цауня, Зюзин (Икауниекс), Шабала, Ракель.

Қазақстан: Покатилов, Малый, Смақов, Энгель, Сүйімбаев, Шомко, Логвиненко, Қуат, Досмағамбетов (Қонысбаев), Нөсербаев (Гурман), Хижниченко (Щеткин).

Ескертулер: Карасаускас 73, Қуат 85.

Төрешілер: Стивен Маклин, Грэм Стюарт, Дэвид Макгичи (бәрі де — Шотландия)

13 қазан. Стадион: Сконто (Рига, Латвия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или