Зайнутдиновтің командасы өз алаңында «Галатасарайдан» жеңілді
Жексенбі, 3 наурыз күні футболдан Түркия чемпионатының 28-тур ойындары өтіп, онда «Бешикташ» өз алаңында «Галатасарайды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ыстамбұлдағы кездесу 1:0 есебімен «Галатасарайдың» жеңісімен аяқталды.
Екінші минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Аль Мусрати допты өз қақпасына соғып алды. Матчтың қалған бөлігінде таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Қазақстан құрамасының және «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов сары қағазына байланысты ойынға қатыса алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или