«Баварияның» тізгінін Анчелотти ұстауы мүмкін

«Милан», «Челси» және «Реалдың» бұрынғы бас бапкері Карло Анчелотти 2016 жылдың жазында мюнхендік «Баварияның» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Sport Mediaset басылымының мәлімдеуінше, 56 жастағы маман мюнхендіктердің басшылығымен екі жылдық келісім-шарт туралы келісіп қойған. «Баварияның» қазіргі бапкері Хосеп Гвардиола маусым аяқталған соң командадан кететін болса, италиялық маманмен келісім күшіне енеді.

Шетелдік ақпараттарға сүйенсек, Гвардиола биылғы маусымнан соң англиялық «Манчестер Ситидің» тізгінін ұстауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или