Исламбек Қуат: «Тек жеңіс үшін алаңға шығамыз»

Қазақстан құрамасының ойыншысы Исламбек Қуат Латвияға қарсы кездесу жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Біздің команда оынға дайын, - дейді Исламбек Қуат. - Латвия – жақсы қарсылас. Алайда, біз топтың әлсіз командасы болғымыз келмейді. Сол себепті тек қана жеңіс үшін алаңға шығамыз.

- Осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасының футболшылары Ресей немесе өзге де ТМД елдерінде ойнады. Ал, қазіргі уақытта барлығы ішкі чемпионатта ойнап жүр. Осыған қалай қарайсыз?

- Қазақстан чемпионатының деңгейі жоғары. Мықты легионерлер келе бастады. Осы маусымдағы еурокубок ойындарындағы қазақстандық командалардың жетістіктері соның дәлелі. «Астана» клубы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты. Ал, «Қайрат» командасы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде ойнады. Өзге чемпионттардан жақсы ұсыныстар болған жағдайда Қазақстан құрамасының көптеген футболшылары қарастырады деп ойлаймын.

Латвия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 14 қазан күні Астана уақыты бойынша 00:45-те Рига қаласында «Сконто» стадионында басталады. Тікелей эфир «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или