«Тобыл» екі футболшымен келісімшарт жасасқанын хабарлады

«Тобыл» екі футболшымен келісімшарт жасасқанын хабарлады

«Тобыл» қақпашы Юрий Мелихов пен қорғаушы Ермек Абдулланы негізгі командаға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы Юрий Мелихов бұған дейін жастар командасында болды. Жас қақпашының «Тобыл Ж» сапындағы дебюті 2021 жылы «Оңтүстік Академиясына» қарсы матчта өтті, ол алаңға екінші таймда шықты. Юрий «Тобылда» 35 нөмірмен өнер көрсетеді.

21 жастағы Ермек Абдулла «Тобылға» «Тараздан» келді. Жамбыл жерінің жейдесінде 18 матч өткізді. Абдулла – қорғаныста және тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнай алатын әмбебап футболшы. «Тобылда» 4-ші нөмірді алды. Футболшының параметрлері – 181/79.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или