Юрий Красножан: «Ертең бесінші орын үшін кездесу болмақ»

Юрий Красножан: «Ертең бесінші орын үшін кездесу болмақ»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Латвияға қарсы кездесу жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бұл іріктеу кезеңі аяқталуға жақын. Ертең Латвия құрамасына қарсы соңғы кездесуімізді өткіземіз. Көңіл қуантарлық жетістігіміз жоқ. Ертең бесінші орын үшін кездесу болмақ. Латвияға тең нәтиже де қолайлы, бірақ олар өз алаңдарында тек жеңісті көздейтіні анық.

- Голландияға қарсы ойында жарақат алған Бауыржан Исламханның орнына кім шығады?

- Бауыржан жарақатына байланысты Латвияға келе алмады. Әзірге оның орнына кім шығатынын шешкен жоқпын. Бізде жарақат алған ойыншылар көп, Нөсербаев енді-енді ғана жарақатынан айығып келеді.

- Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының көптеген ойыншылары өзге елде емес, өз чемпионаттарында өнер көрсетуде. Неліктен деп ойлайсыз?

- Егерде өз елінде бәрі жақсы болса, ешқайда кетудің қажеті жоқ. Бұрында Қазақстанда мұншама көп қаражат болған жоқ, сондықтан Смақов, Карпович сияқты футболшылар Ресейге доп тебуге аттанған болатын. Қазіргі таңда бәрі басқаша. Қазақстан футболы дамуда. Әрине, өзбасым қазақстандық футболшылар Еуропаға кетіп жатса тек қуанар едім. Олар үшін бұл үлкен тәжірибе болар еді.

Естеріңізге сала кетсек, Латвия мен Қазақстан арасындағы кездесу Риганың «Сконто» стадионында өтеді. Кездесу қазанның 14-і, астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Ойынды тікелей эфирде «Қазақстан» арнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или