русский язык

«Мүмкіндік бар». Қазақстан құрамасының шабуылшысы — Грекияға қарсы матч туралы

«Мүмкіндік бар». Қазақстан құрамасының шабуылшысы — Грекияға қарсы матч туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» мен Қазақстан құрамасының 24 жастағы шабуылшысы Рамазан Кәрімов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасының плэй-офф кезеңі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Грекияға қарсы ойнаймын деп үміттенемін. Қазақстан құрамасының жейдесін киіп, осындай тарихи матчта жеңіс сыйлау — бала кезімнен арманым. Мүмкіндік қашан да болады, Кез келген қарсыласты жеңуге болады, Қазақстан құрамасы мұны былтыр дәлелдеді», — деді Кәрімов.

Грекия — Қазақстан матчы 22 наурызға қараған түні Афиныда өтеді. Жартылай финалдың екінші матчында Грузия мен Люксембург күш сынасады. Турнир жеңімпазы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;