ҚПЛ-2015. Сап түзелер сәт

ҚПЛ-2015. Сап түзелер сәт

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды. Турнир кестесінде чемпиондық үшін және жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін талас өтіп жатыр. Сонымен қатар, үш клуб арасында еурододаға жолдама берер 4-ші орын үшін күрес өтуде. Бұл орынның кімге бұйырғаны пайдалы, келесі жылы еуроаренада кімнің абыройлы өнер көрсетуі мүмкін? «PROСПОРТ» тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Алдымен турнир кестесіне көз жүгіртсек. Футбол мамандары жүлделі үш орынды «Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе» клубтары өзара бөлісіп алатынын айтқан. Осы болжамға сүйенсек, 4-орын «Ордабасы», «Ертіс» немесе «Атыраудың» еншісінде кетпек. Дәл қазір төртінші сатыда шымкенттік клуб келе жатыр – 26 ұпай. Олардан бір ұпай артта келе жатқан павлодарлық команда бесінші орында тұр. Үздік алтылықты түйіндеп тұрған «Атырауда» 19 ұпай ғана бар. «Мұнайшылардың» қосымша бір ойыны бар екенін ескерсек, математикалық тұрғыда атыраулықтардың да еурокубоктық аймақтан үміті зор.

«Атырау» бүгінге дейін еурокубок сайыстарына үш маусым қатысқан. Осыдан тура 13 жыл бұрын еуродебютін өткізген «мұнайшылар» 2002/2003 жылғы маусымда УЕФА кубогының бірінші іріктеу кезеңінде словакиялық «Матадормен» кездескен. Өз алаңында 0:0 есебімен тең тарқасқан соң, Словакияда 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Алғашқы еуромаусымы сәтсіз аяқталған соң, «Атырау» келесі жылы да УЕФА Кубогына жолдама алады. Бұл жолы болгариялық «Левскиге» тап болған сол кездегі Александр Голоколосов шәкірттері қарсыласына екі ойынның нәтижесі бойынша 1:6 есебімен жол берді. Осыдан кейін «мұнайшылардың» еуротурнирге қатысуы біраз уақытқа үзіліп қалған. Тек 2009 жылы Қазақстан кубогына ие болып, келесі маусымда Еуропа лигасында жолдама алады. Турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастаған олар венгриялық «Дьормен» күш сынасып, екі ойында 0:5 есебімен жеңілді. Осылайша өз тарихында еурокубоктың алты матчын өткізген «мұнайшылар» тек бір кездесуде ғана тең түсіп, қалған матчтарда жеңіліс тапты. Ал олардың келесі жылы еуротурнирге қатысуы математикалық тұрғыда мүмкін болғанымен, «Ертіс» пен «Ордабасыны» артта қалдыруы тым ғажайып көрінеді. Владимир Никитенко шәкірттері қатарынан алты матчта ұпай еншілей алар емес, команда соңғы рет маусымның 24-де «Жетісуді» жеңген. «Атырау» алда «Қайрат», «Астана» және «Ордабасы» клубтарына қонаққа барып, өз алаңында «Ертіс» пен «Ақтөбені» қабылдайды.

Қазір турнир кестесінде төртінші орында тұрған шымкенттік «Ордабасы» бұған дейін екі рет еуротурнирге қатысқан. 2011 жылы Қазақстан кубогында топ жарған олар келесі жылы Еуропа лигасында да абыройлы өнер көрсетті. Бірінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Ягодина» клубымен кездескен олар, екі ойынның қорытындысы бойынша 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кейін екінші кезеңде норвегиялық азулы ұжым «Русенборгке» тап болды. Қарсыласының атағына қарамастан, сол кездегі Виктор Посулько шәкірттері қонақта 2:2 есебімен тең түскен. Қарымта матчты шымкенттік жанкүйерлер әзір ұмыта қоймас. 90-минутқа дейін 1:1 есебін ұстап тұрған «Ордабасы» ойыншылары соңғы минутта гол жіберіп алған болатын. Сол өкінішті еуромаусымнан кейін шымкенттіктер биыл да еліміздің намысын Еуропа лигасында қорғады. Виктор Кумыков жаттықтырған команда израилдік «Бейтарға» екі ойын бойынша 1:2 есебімен жол берді. Жалпы алғанда, бір матч ұтып, үш кездесуде тең тарқасқан, тағы екі ойында ұтылып қалыпты. Дегенмен, «Ордабасының» төртінші орынды сақтап қалуы қиындау. Бақтияр Байсейітов шәкірттері «Астана», «Ертіс» және «Қайратқа» қонаққа барады. Сондай-ақ, «Атырауға» қарсы өз алаңында өткізетін ойын бар.

Ал павлодарлық «Ертістің» халықаралық турнирдегі тарихы сонау 1994 жылдан бастау алады. Төрт мәрте Азиялық Чемпиондар кубогында бақ сынаған. Тіпті, Қазақстан УЕФА-ға ауыспай тұрып Чемпиондар кубогының жартылай финалына дейін жеткен. Еурокубокта да нәтижелері жаман емес. 2003/2004 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде кипрлік «Омониядан» 1:2 есебімен ұтылып қалған. Кейін тек Еуропа лигасында ойнаған. Алдымен 2009 жылы венгриялық «Халадашқа» қос матчтың нәтижесі бойынша өз алаңында гол жіберіп алғаны үшін ғана жол берген (қонақта – 0:1, өз алаңында – 2:1). Араға екі жыл салып пентакомпеондар алғаш рет бірінші іріктеу кезеңінен өтті. Алдымен польшалық «Ягеллонияны» жолда қалдырған олар грузиялық «Металлургке» азуын батыра алмады (жалпы есеп – 1:3). 2013/2014 маусымда керекуліктер болгариялық «Левскиді» (2:0) қапы қалдырып, босниялық «Широки Бриег» (3:4) командасынан ұтылып қалды. Жалпы алғанда, еншісінде төрт жеңіс, үш тең есебі бар. Бес матчта қарсыласына жол берген. «Ертісті» де алда қонақта үш матч күтіп тұр. Димитар Димитров шәкірттері  «Ақтөбе», «Астана» және «Атырауға» қонаққа барып, өз алаңында «Ордабасыны» қабылдайды.

Дәл қазір еурокубокқа жолдама алып қойған бір ғана команда бар – алматылық «Қайрат». «Астана» мен «Ақтөбеде» де соған жақындап келеді. Ал кімнің төртінші болып еурокубокқа жолдама алатынын уақыт көрсете жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или