Келесі маусымнан бастап лимитшілерді алаңға шығару міндетті болмайды

Астанада Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Кәсіпқой футбол лигасы Кеңесінің ұсынысы бойынша жиында келесі шешімдер қаралды әрі бекітілді:

- 2016, 2017 және 2018 жылғы маусымда кәсіпқой футбол клубтары арасындағы жарыстарды өткізу құқығы Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына берілді.

- Келесі маусымнан бастап Премьер-лига клубтары қазақстандық футболдың түлектері саналмайтын 8 футболшыны ғана тіркей алады. Олардың алтауының алаңға шығуға құқығы бар. Сонымен қатар, Лига Кеңесінің ұсынысы бойынша Бірінші лига клубтарына қазақстандық футболдың түлегі саналмайтын 3 футболшыны қосу ұсынысы бекітілді.

- 2016 жылғы маусымда Премьер-Лига клубтарында жас ойыншылардың (лимитчик) ойынға қатысуы міндетті емес. Алайда, матч хаттамасында міндетті түрде екі жас футболшы тіркелуі керек. Бірінші лигада 3 жас футболшы (лимитчик) қатысуы тиіс.

- «Қазақстан Республикасы футбол клубтарын сертификациялау ережесі мен УЕФА клубтық турнирлеріне қатысатындар үшін қаржылық «Фэйр - плей» ережесі және «Делдалдармен жұмыс бойынша ҚФФ ережесі» бекітілді.

Сонымен қатар, қазақстандық футболды дамытудың басқа да өзекті сұрақтары талқыланды.

УЕФА ұстанымымен танысқан және Атқарушы комитеттің бюросы қабылдаған шешімдердің негізі бойынша Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті ҚФФ Президентінің екі лауазымды қатар атқаруда қызығушылық кикілжіңі жоқ екенін бірауыздан мақұлдады.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или