Симоне Индзагиге бірқатар топ-клуб көз тігіп отыр

Симоне Индзагиге бірқатар топ-клуб көз тігіп отыр

«Интер» бас бапкері Симоне Индзагиге «Челси», «Манчестер Юнайтед» және «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр. Маманға «Барселона» да көз тігіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Тuttosport.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл топ-клубтарға италиялық  маманның ойыншыларды дамыту және трансферлерге ақша үнемдей отырып жұмыс істеу қабілеті қызықтырды.

Индзаги «Интермен» 2025 жылдың жазына дейін 5,5 миллион еуро жалақымен келісімшарт жасасып отыр. АПЛ клубтары 47 жастағы маманға 8 миллион еуро гонорар ұсынуға дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или