Фифа Fifa Series жобасының басталатынын хабарлады

Фифа Fifa Series жобасының басталатынын хабарлады

ФИФА FIFA Series жобасының басталатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұп санға келетін жылдары (2026, 2028, 2030...) наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде әртүрлі конфедерациялардың командалары матчтар өткізеді деп күтіліп отыр. Мақсат – ұлттық құрамалардың басқа конфедерациялардың командаларымен ойындарға жиі қатысуы. Жобаның толық іске қосылуы 2026 жылы болады.

Бастапқы матчтар 18-26 наурыз аралығында Алжир, Әзербайжан, Сауд Арабиясы және Шри-Ланкада өтеді, мына командалар қатысады:

Алжир: Алжир, Андорра, Боливия, Оңтүстік Африка Республикасы;

Әзербайжан: Әзербайжан, Болгария, Моңғолия, Танзания;

Сауд Арабиясы A: Кабо-Верде, Камбоджа, Экваторлық Гвинея, Гайана;

Сауд Арабиясы B: Бермуд аралдары, Бруней, Гвинея, Вануату;

Шри-Ланка: Бутан, Орталық Африка Республикасы, Папуа – Жаңа Гвинея, Шри-Ланка.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или