Эндрю Мвесигва: «Қазақ футболы жыл сайын дамып келеді»

Эндрю Мвесигва: «Қазақ футболы жыл сайын дамып келеді»

Кипр елінде өнер көрсетіп жүрген «Ордабасының» бұрынғы ойыншысы Эндрю Мвесигва «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Қазақ футболының деңгейі мен «Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасындағы жетістігі жайлы айтып берді.

- Қазіргі таңда, Кипр елінде өнер көрсетіп жүрмін. Бірақ мұнда тек қаңтар айына дейін ойнаймын. Қыста басқа чемпионатқа ауысамын деген ойдамын, - деп бастады Эндрю. – Қазақстанға оралғым келеді. Бұл мемлекетке үйреніп кеттім.

- Яғни, басты мақсатыңыз Қазақстанға қайта оралу ма? Шымкенттік «Ордабасыдан» ұсыныс келген жоқ па?

- Иә, Қазақстанды сағындым. Шымкенттік клубтан әзірге ұсыныс келген жоқ, жалпы өзім де «Ордабасының» жанкүйерлеріне үйреніп кеттім.

- Қазақ футболын бақылап, көріп жүрсіз бе?

- Иә, ғаламтордан бақылап жүрмін. «Астананың» Чемпиондар лигасына шығуымен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. «Галатасараймен» өткен ойында жақсы ойын көрсетті. Жалпы «Астананың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққанына еш таң қалған жоқпын. Өйткені, жыл сайын елордалық команда ойын өрнегін жақсартып, жоғарыға ұмтылуда.

- Елордалық команда өз тобында қанша ұпай жинай алады деп ойлайсыз?

- Бұл сұраққа жауап беру қиын. «Астананың» топтық кезеңге шығудың өзі үлкен жетістік. Қанша ұпай жинайтынын айта алмаймын, бірақ әр ойында соңына дейін тырысатынына күмәнім жоқ.

- Биыл, ел чемпионы атағына «Қайрат» пен «Астана» тартысуда, кім ұтады деп ойлайсыз?

- «Қайрат» чемпион болады. Қазақстандағы ең мықты инфрақұрылымы бар командасы осы «Қайрат». Сондай-ақ, оның бапкері Владимир Вайсс өте тәжірибелі маман. Бұған қоса алматылық клубта ең мықты қазақстандық ойыншы Бауыржан Исламхан ойнайды. Бұл жігіттің болашағы зор. Оған тез арада Еуропаға кеткен жөн.

- Қазақ футболының деңгейі соңғы жылдармен салыстарғанда өсті ме?

- Әрине. Қазақ футболы жыл сайын дамып келеді. Соңғы бес жылда Қазақстан футболының деңгейі бірнеше есе жоғарылады. «Шахтер» мен «Астананың» көрсеткіштері соған дәлел. Мықты легионерлер келе бастады. Алдағы уақытта, Қазақстанға қайта ораламын деген ойдамын.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или