Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы «Ұлытауға» ауысуы мүмкін
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Оқжетпеске» ауыспайды деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Бауыржан Тұрысбек «Оқжетпестің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуы керек еді, алайда ойыншы көкшетаулық командаға ауыспайтын болды. Футболшы Тәжікстанға барып, жезқазғандық «Ұлытауға» қосылды.
Тұрысбек өткен маусымды «Жетісу» сапында бастап, кейін «Хан Тәңіріне» ауысты.
Талдықорғандық клуб сапында 12 кездесу өткізді. Ал Бірінші лигада «Хан Тәңірі» сапында 8 матч өткізіп, екі гол соқты.
Шабуылшы Қазақстан құрамасы сапында 14 кездесу өткізіп, 3 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или