«Қайрат» түлегі «Елімайға» ауысты
Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Ален Айманов «Елімайға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
«Қайрат» академиясының түлегі Ален Айманов өткен маусымда «Елімай» сапында жалда ойнады. Семейлік клуб сапында ол 22 кездесуге қатысып, 3 гол соқты.
Сондай-ақ Айманов «Оңтүстік академия», «Қайрат-Жастар», «Қайрат-Мәскеу», «Тұран» клубтарында өнер көрсеткен.
2023 жылы Айманов Қазақстан жастар құрамасының Бельгия, Испания және Мальтаға қарсы ойындарына шақырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или