39 жастағы Модрич маңызды мәлімдеме жасады
«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Лука Модрич келісімшартының аяқталуына байланысты маусымның соңында мадридтік клубтан кетуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>39 жастағы хорватиялық футболшының командадағы 10-нөмірін Килиан Мбаппе алады деп күтіліп отыр, ал бас бапкер Карло Анчелотти ардагерге бапкерлік штабта жұмыс ұсынды деген ақпарат тараған. Бірақ Модрич ойыншы карьерасын жалғастырғысы келеді және бұл ұсыныстан бас тартқан.</span>
<span>Cadena SER мәліметінше, Модрич кем дегенде тағы екі жыл ойнауды жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ Хорватия құрамасындағы ойынын жалғастырып, 2026 жылы Мексика, Канада және АҚШ-та өтетін әлем чемпионатында өнер көрсеткісі келеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или