Тарихтағы ең ұлы футболшы аталды
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы, деп мәлімдеді Аргентина президенті Хавьер Милей, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Месси - тарихтағы ең ұлы ойыншы, ол феномен және ойынның барлық тұрғысында үздік. Менің онымен сөйлесуге мүмкіндігім болмады, бірақ сойлескіи келеді. Мен Нидерланд патшайымы Максимамен, Рим Папасымен сөйлестім. Бәлкім жолым болып, Мессимен сөйлесу мүмкіндігі туар», - деді Милей La Nacion сайтына берген сұхбатында.
Месси 36 жаста, ол сегіз дүркін «Алтын доп» иегері. Аргентина құрамасы сапында ол 180 матч өткізіп, 106 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или