Данни Блинд: «Ойын нәтижесiне көңiлiм толады»

Данни Блинд: «Ойын нәтижесiне көңiлiм толады»

Қазақстан-Нидерланды құрамалары арасындағы ойынның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкерi Данни Блинд бүгінгі матчтың нәтижесiне көңiлi толатынын айтты.

«Бастапқы алпыс минутта бiздiң команда жақсы ойын көрсетіп, нәтижесiнде екi гол салды. Ал қалған отыз минутта арқаны кеңге салып, тым еркін ойнады, салдарынан бір гол жіберіп алдық. Жалпы, ойын нәтижесiне көңiлiм толады. Мақсатымыз жеңу болатын, жеңдiк. Бүгiнгi ойында төрт футболшы алаңға құрама сапында алғаш рет шығып отырғанын да айтқым келедi», - деді Д.Блинд.

Бас бапкер ойын барысында жарақат алып қалған құрама қақпашысына қатысты да түсiнiк бердi.

«Алдын ала мәлiмет бойынша ол белiн жарақаттап алды. Нақты диагноз ертең мәлiм болады. Қазiр команда дәрiгері оны тексеруге алып кеттi», - дедi Блинд.

Айта кетейік, «Астана Арена» стадионында өткен 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына iрiктеу матчы аясындағы Қазақстан-Нидерланды кездесуі 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или