Юрий Красножан: «Бауыржан Исламханның жарақат алуы ойынға әсер еттi»

Юрий Красножан: «Бауыржан Исламханның жарақат алуы ойынға әсер еттi»

Бауыржан Исламханның жарақат алуы Қазақстан-Нидерланды құрамалары арасындағы ойынның нәтижесіне әсер еттi. Бұл жөнiнде бүгiнгi матчтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерi Юрий Красножан мәлiмдедi.

«Бiзде ойынның екi моделi болды: бiрiншiсi – барынша шабуыл жасап көру. Бірақ, ол орындалмады да, бiз өз жағымызда ойнап, қақпаны қорғадық. Бұл ретте, Голландия командасының шеберлiгi мен физикалық басымдығын да атап өту керек. Бiзге алдыңғы шепте жүрiп ойнау жеткiлiксiз болды. Жалпы, ойын нәтижесi заңдылыққа сай», - дедi бас бапкер.

Юрий Красножан бүгiнгi ойынға астаналық команданың футболшылары Нөсербаев жарақат алуына байланысты, ал Шомко Латвиямен өтетiн кездесуге дайындалып жатқандықтан қатыспағанын айтты.

«Шабуылды бастайтын ойыншыны жоғалту бiзге қатты соққы болды», - деді бас бапкер Бауыржан Исламханның ойын барысында жарақат алып қалғанын меңзеп.

Айта кетейік, «Астана Арена» стадионында өткен 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына iрiктеу матчы аясындағы Қазақстан-Нидерланды кездесуі 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или