Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың екі матчы өтті

Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың екі матчы өтті

Кеше түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалында екі ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Атлетико Мадрид» сырт алаңда Италия чемпионы «Интермен» кездесті. Джузеппе Меацца стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды матчтың 79-минутында шабуылшы Марко Арнаутович соқты.

Нидерландыда ПСВ «Боруссия Дортмундпен» кездесті. Эйндховенде өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қарымта ойындар 13 наурызда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или