«Ертіс» сапына тәжірибелі қорғаушы оралды

«Ертіс» сапына тәжірибелі қорғаушы оралды

Павлодарлық «Ертіс» 33 жастағы қорғаушы Виктор Крюковпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

<span>Айта кетейік, Крюков «Ертіс» сапында 2010-2012 жылдары ойнап, Премьер-лигада дебютін өткізген.</span>

<span>Крюков карьерасында «Қайрат» пен «Локомотив» командаларының екінші командаларында ойнады, сонымен қатар «Астана-1964», «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Рузаевка», «Тараз», «Хан Тәңірі» командалардың намысын қорғады. Футболшының кейінгі клубы екінші лигадағы «Алтай» болды.</span>

<span>Естеріңізге сала кетейік, «Ертіс» алдағы маусымды екінші лигадан бастайды. Командаға бірінші лигаға шығу міндеті қойылып, Павлодар облысының әкімдігі клуб басшылығына командаға жергілікті футболшыларды тартуды тапсырды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или