«Жеңістің» екі ойыншысы кәсіби мансабын аяқтады

«Жеңістің» екі ойыншысы кәсіби мансабын аяқтады

«Жеңістің» қазақстандық қорғаушылары Михаил Әубәкіров пен Біржан Құлбеков кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптардың өзара келісімі бойынша Михаил Әубәкіровпен келісімшарт биылғы маусымда ұзартылған жоқ. Сонымен бірге Әубәкіров команда құрамында қалып, әкімшілік қызметке ауысады.

Ойыншы «Жеңіс» сапында 5 маусым өткізді: 2013, 2014 және 2021-2023 жылдары. 84 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

Біржан Құлбеков кәсіби мансабын «Астанада» бастады. Қорғаушы 2021 жылы «Жеңіс» ойыншысы атанды. Командамен бірге Екінші лигадан Премьер-лигаға өтті. 63 ойынға қатысып, 4 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или