Юрген Клопп: «Өмірімнің басым бөлігінде демалысқа шығу үшін ақша жетіспеді»

«Ливерпульдің» жаңа бас бапкері Юрген Клопп неліктен демалысын тоқтатып, англиялық клубтың тізгінін ұстағанын түсіндірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бұл қарапайым демалыс болатын. Жасым – 48-де. Өмірімнің басым бөлігінде демалысқа шығу үшін ақша жетіспейтін, кейін уақыт жеткілікті болмады. Отбасыммен төрт ай өткізу тамаша болды. Мен теннис ойнап, түрлі чемпионаттардың матчтарын көрдім. Демалатын уақытым көп болады деп ойлағанмын, бірақ қазір мен мұндамын – өзімді керемет сезініп жүрмін.

«Боруссиядан» кетіп бара жатқанымда, жағдайдың қалай жалғасатынын күтетінімді айтқанмын. Егер біреу хабарласып, мен оның қызық екенін түсінсем, сөйлесеміз. Осылай болды да. «Ливерпульде» жақсы жігіттердің жұмыс жасайтынын бәрі біледі. Біздің кездесуімізден кейін бәрі түсінікті болды – демалысты тоқтатып, жұмыс жасауды бастап қажет», - деді Клопп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или