Мбаппе «Реалға» емес, «Барселонаға» ауысуы мүмкін
ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе «Реалдың» орнына «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін француз форвардының осы маусымның аяғында қазіргі командасымен келісімшарт мерзімін ұзартпайтыны белгілі болды.
Marca хабарлағандай, «Барселона» Мбаппемен еркін агент ретінде келісім жасасуға мүдделі, бірақ бұл үшін клуб бірнеше негізгі ойыншысын сатуға мәжбүр болады.
ПСЖ бас бапкері Луис Энрике Мбаппенің париждік клубтан кететіні туралы мәліметі жоқ екенін айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или