«Бавария» басшылығы команданың бас бапкерін қызметінен босатпайды
«Бавария» басшылығы команданың бас бапкері Томас Тухелге қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Журналист Максимилиан Кохтың ақпараты бойынша, мюнхендік клуб ойыншылар мен бапкер дағдарыстан бірге шығуы керек деп есептейді. Сондай-ақ Юлиан Нагельсманның жағдайындағыдай күтпеген жерден отставкаға кету деген болмайды.
«Бавария» қатарынан екі рет жеңіліп қалды: Германия чемпионатының 21-турында «Байерден» (0:3) және Чемпиондар лигасы 1/8 финалдың бірінші матчында «Лациодан» (0:1).
Осы маусымда «Бавария» Германия Суперкубогында жеңіліп, Германия кубогынан ұшып кетті. Бундеслигада Тухель шәкірттері 21-турдан кейін 50 ұпаймен екінші орында келеді. Чемпионатта 55 ұпаймен «Байер» көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или