Саудиялық инвесторлар италиялық «Романы» сатып алғысы келеді

Саудиялық инвесторлар италиялық «Романы» сатып алғысы келеді

Сауд Арабиясының инвесторлары италиялық «Романы» сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

La Repubblica мәліметінше, тараптар арасында келіссөз басталып кеткен, римдік клубтың заң бөлімінің басшысы қазір Эр-Риядта. Саудиялық инвесторлар клуб үшін 900 миллион еуро ұсынуға дайын, сонымен қатар жаңа стадионның құрылысына тағы 300 миллион еуро бөлуге дайын. Дегенмен, арена жобасы Рим билігінің мақұлдауын қажет етеді.

«Рома» иелерінің бірі «Ньюкаслға» иелік ететін Сауд Арабиясының ұлттық әл-ауқат қоры (PIF) болуы мүмкін.

Еске салайық, былтыр жазда римдіктердің қожайыны Дэн Фридкин клубты 1 миллиард еуроға сатудан бас тартқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или