ФИФА президенті Блаттер қызметінен шеттетіледі

ФИФА-ның Этика бойынша комитеті федерация президенті Йозеф Блаттерді сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау үшін 90 күн қызметінен шеттеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Басылымның жазуынша, бұл ақпаратты британиялық Guardian газетіне Блаттердің кеңесшісі Клаус Штелкер жеткізген.

Швейцария Бас прокуратурасы 24 қыркүйек күні қызметін асыра пайдаланды, сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікпен Блаттердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Маусым айында 79 жастағы Блаттер қызметінен кететінін мәлімдеген. Жоспар бойынша, оның өкілетті мерзімі 2016 жылдың ақпан айы, яғни кезекті президент сайлауына дейін жетуі керек болған.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың мамыр айында Цюрихте Швейцария Бас прокуратурасы мен АҚШ Федералды барлау бюросы агенттері ФИФА-ның атқару комитетінің бірқатар адамдарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген күдікпен тұтқындаған болатын.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или