Қазақстан жастар құрамасы Норвегияда жаттығуын өткізді

Қазақстан жастар құрамасы Норвегия жасаған ұзақ сапарынан кейін алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алыс жол мен уақыт белдеуінің айырмашылығына қарамастан футболшылар жаттығуға жоғары көңіл-күймен келді. Скандинавия мемлекетінің астанасынан 40 шақырым жердегі Драммен қаласында 8 қазан күні Норвегия мен Қазақстан жастар құрамасы кездеседі. 7500 жанкүйер сыятын «Марьенлист» стадионында екі команда үшін қиын матч өтпек. Норвегия құрамасы бұл аренаның жасанды алаңында маусым айында Босния және Герцеговина құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Кейін Англия құрамасына есе жіберді. Бұл ойында жалғыз голды он бір метрлік айып добынан өткізіп алды.

Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы іріктеу турнирінің 9-шы тобының үшінші матчын өткізеді. Норвегия құрамасымен болатын ойын 8 қазан күні Астана уақытымен 22:45-те басталады. Бұл кездесуден кейін Саулюс Ширмялис шәкірттерін сырт алаңда тағы бір ойын күтіп тұр. Қарсыласы - Англия құрамасы. Матч 13 қазанға жоспарланған.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или