Уэсли Снейдер: «Қазақстан мен әйелімнің бірін таңда десе, әйелімді таңдаймын»

Уэсли Снейдер: «Қазақстан мен әйелімнің бірін таңда десе, әйелімді таңдаймын»

Голландия футбол құрамасының жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер Ad.nl ақпараттық порталына берген сұхбатында жанұясын футболдан жоғары қоятынын жеткізді.

«Алда бізді өте күрделі екі матч күтіп тұр. Алдымен Қазақстан құрамасымен қонақта ойнаймыз, кейін өз алаңымызда Чехияға қарсы матч өткіземіз. Бұл ойындарда біз барынша көп ұпай жинап, үшінші орынды иеленуіміз керек.

Таяу күндері әйелім босанып қалуы керек. Егер де Қазақстанға қарсы матчқа дейін әйелім босанып жатса, бірден елге ораламын. Әрине, әйелімнің матчтан кейін босанғанын қалар едім. Қазақстанға жолға шыққан уақытта мені алаңдататын хабар келмейді деп сенемін. Иоланта босану мерзімі 15 қазанға тура келуі тиіс деген болатын. Тәңірдің маңдайға жазғанын көреміз де», - дейді Уэсли Снейдер.

Айта кетерлік жайт, букмекерлер қазақстандықтар бұл матчта анық аутсайдер екенін жариялап үлгерді. Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2016 біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Голландия матчы 10 қазан күні Астана қаласынад өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или