Футболда сары мен қызыл қағаздан бөлек көк түсі де пайда болады

Футболда сары мен қызыл қағаздан бөлек көк түсі де пайда болады

Бұдан былай футболда sin-bin төрелік процестері аясында көк карта енгізіледі. Бұл туралы жұмада хабарланады, деп жазады Telegraph.

Енді көк қағаз көрсетілген футболшы 10 минутқа алаңнан қуылады. Бұл шешім sin-bin аясында жарияланып отыр, себебі ойыншылар қандай да бір мазақ я келеке жасаса, төрешінің шешімімен келіспейтінін білдірсе 10 минутқа алаңнан қуылады.

Басылым мәліметінше, мұндай протокол гол соғуға сәті түсіп тұрған шабуылға қарсы ереже бұзуға және шешімге келіспейтінін білдіру әрекетіне қатысты ғана қолданылады екен.

Ал егер ойыншыға екі рет көк қағаз көрсетілсе немесе сары мен көк қағаз көтерілсе, оған қызыл қағаз беріліп, алаңнан қуу шарасы қабылданады.

Мұндай сынақ алғашқы кезде жоғары деңгейдегі жарыстарға қолданылмайтыны айтылады. Жаңа жүйе биылғы жазда сынақтан өткізіле бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или