«Ақтөбеге» «Ювентустың» бұрынғы ойыншысы қосылды

«Ақтөбеге» «Ювентустың» бұрынғы ойыншысы қосылды

«Ақтөбе» эквадорлық жартылай қорғаушы Хосе Франсиско Севальос Энрикеспен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

<span>«</span>29 жастағы эквадорлық орталық жартылай қорғаушы Хосе Франсиско Севальос Энрикес «Ақтөбе» футбол клубының жаңа ойыншысы атанды. Келісімшарт мерзімі — екі жыл.

<span>Гуаякиль қаласының тумасы Хосе Энрике — «ЛДУ Кито» клубының түлегі. Туған клубымен бірге Эквадор чемпионы атанған. 2013 жылы туриндік «Ювентус» клубына жалға беріліп, Италияға қоныс аударады.</span>

<span>Кейіннен ол «ЛДУ» клубына қайта оралып, 2018 жылы бельгиялық «Локерен» ұжымына ауысады.</span>

<span>Бұдан бөлек, Севальос португалиялық «Портимоненсе» және эквадорлық «Эмелек» клубында өнер көрсеткен. Өз елінің 17 және 20 жасқа дейінгі, сондай-ақ Эквадор ұлттық құрамасында ойнаған. Жастар құрамасымен бірге Оңтүстік Америка ойындарының күміс жүлдегері атанған», - делінген хабарламада.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или