Күрес

Күрестен ел біріншілігінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қарсыласынан жеңіліп қалды

Күрестен ел біріншілігінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қарсыласынан жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ең соңғы бәсекеде еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасына қатысқан Азия біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Әлішер Ерғали мен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан белдесті.

Өткен жылы айды аспанға шығарып, 92 келіде қазақстандықтар арасынан алғаш рет 19 жасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан кейін олимпиадалық салмаққа ауысқан еді.

Бұл жолы финалда Ризабек Әлішерді белдесу барысында барынша тықсырып, алда тұрды.

Алайда айқас соңына таман Әлішер күш алып, 14:10 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша Әлішер Ерғали Париж олимпиадасының жолдамасы үшін таласуға мүмкіндік алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер