19 жастағы қазақстандық қорғаушы ресейлік клубқа ауысты

19 жастағы қазақстандық қорғаушы ресейлік клубқа ауысты

«Жетісудың» 19 жастағы жартылай қорғаушысы Давид Есімбеков ресейлік «Черноморецке» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Черноморец» қазақстандық жартылай қорғаушының трансфері бойынша «Жетісумен» келіскен. Келісімшарт 3,5 жылға жасалынған.

Есімбеков кеше өзбек «Металлургына» қарсы өткен жолдастық кездесуде (1:1) ресейлік клубтың негізгі құрамында болып, үзілістен кейін ауыстырылған болатын.

Давид Есімбеков өткен маусымда «Жетісу» сапында Премьер-лигада және Қазақстан кубогында 22 матч өткізді. Сондай-ақ 21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында ЕУРО-2025 іріктеу кезеңінде 2 ойынға қатысты.

20 турдан кейін «Черноморец» Ресейдің ФНЛ турнирлік кестесінде соңғы, 18-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или