русский язык
Дзюдо

Дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды

Дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды

Франция астанасы Парижде бүгін жалауын көтеретін дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандардың қарсыластары белгілі болды.

2-4 ақпан аралығында өтетін байрақты бәсекеде Олимпиада ұпайлары сарапқа салынады. Жарысқа әлемнің 110 елінен 661 спортшы қатысады.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша жарыс жеңімпаздары – 1000, финалистер – 700, қола жүлдегерлер – 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазақстандық балуандардың алғашқы айналымдағы қарсыластары:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев - Достон Рузиев (Өзбекстан), Елдос Сметов - Адель Хамада (Египет)

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев - Крист Мупата (Конго Демократиялық Республикасы), Есет Қуанов - Уиллис Гарсия (Венесуэла)

73 келі: Асқар Нарқұлов - Кипраниус Андреу (Кипр), Данияр Шамшаев - Хосе Антонио Аранда Олалла (Испания)

81 келі: Абылайхан Жұбаназар - Томас Моралес (Аргентина), Руслан Мусинов - Мұса Сабыров (Өзбекстан)

90 келі: Айдар Арапов - Кевин Будаин (Камерун), Ермахан Әнуарбеков - Егор Воропаев (Ресей)
100 келі: Нұрлыхан Шархан - Натан Киив, Бекзат Шағатаев - Бразилия/Түркменстан жұбының жеңімпазы

100 келі: Ғалымжан Қырықбай - Тедди Ринер, Ерасыл Қажыбаев - Джозеф Терхек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;