Блогбастер
Единоборства

Таэквондодан лицензиялық турнирге баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Таэквондодан лицензиялық турнирге баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан 15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында Азия құрлығының лицензиялық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған жарыста бақ сынайтын қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады.

Қазақстан сапынан ел намысын қорғайтын таэквондошылар:

57 келі - Мария Севостьянова

+67 келі - Жансель Дениз

58 келі - Самирхон Абабакиров

80 келі - Батырхан Төлеуғали

Әр салмақ бойынша финалға шыққан спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алады. Айта кетейік, қазақстандық таэквондошылар 2004 жылғы Афина Олимпиадасынан бастап, төртжылдықтың басты додасына тұрақты түрде қатысып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер