Альмир Мухутдинов: «Ұлттық құрамаға шақырту алу - үлкен жауапкершілік»

Альмир Мухутдинов: «Ұлттық құрамаға шақырту алу - үлкен жауапкершілік»

Еліміздің бас командасына жақында шақырылған Альмир Мухутдинов Ұлттық құрама туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жаттықтырушылар құрамының назарына «Тараз» командасының жартылай қорғаушысы клубтық деңгейдегі тұрақты ойынымен ілікті. Сонымен қатар, мамандар да ол туралы жақсы пікір қалдырған.

- Ұлттық құрамаға шақырту алу үлкен жауапкершілікті білдіреді, - дейді Альмир Мухутдинов. - Өз клубымда атқарған жұмысымды ұлттық құраманың жаттықтырушылары назарынан тыс қалдырмағаны қуантады. Маған сенім артатынын түсінемін. Енді сол сенімді ақтауға тырысамын. Әзірге ұлттық құрамының жейдесін киген жоқпын, алайда алғашқы ойынды өткіземін деп үміттенемін.

- Алда Нидерланд құрамасымен өтетін ойында Қазақстан құрамасы оң нәтижеге қалай қол жеткізуі мүмкін?

- Нидерланд сияқты әлемнің үздік құрамаларына лайықты қарсы тұру үшін қатаң тәртіп керек. Сонымен қатар, жаттықтырушылардың талабын орындау шарт. Қарсыласты өз алаңымызда қабылдаймыз. Сол себепті ең алдымен жанкүйерлердің қолдауы көмектеседі.

2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасындағы матч 10 қазан күні «Астана Арена» стадионында сағат 22:00-де басталады.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или